KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Өскемендегі сауда орталығында өнерпаздар жарапазан айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады

18.03.2025, 20:30 277 Төлеуғазы Жансая


Өскемендегі сауда орталығында ұлттық дәстүр мен заманауи ортаны ұштастырған ерекше шара өтті. Өнерпаздар жарапазан айтып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шараны ШҚО Мәдениет басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Әртістер сауда орталығының үш қабатын аралап, халыққа ұлттық нақыштағы ән-жырларын тарту етті. Олардың шынайы ықыласы мен әсерлі өнері көрермендерге қазақы рух пен жылылық сыйлады.  

Бұл бастама ата-бабадан жеткен асыл мұраны дәріптеп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық мәдениетті дәріптеуге арналған рухани көпірге айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу