KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
500.32 545.3 6

Нұрымбет Сақтағанов: Өскеменнің архитектуралық келбетіне ерекше назар аудару керек

Кеше, 11:40 122 Әбішев Ержан

Бүгін ШҚО әкімдігінде өткен отырыста облыста экологиялық жағдайды жақсарту және абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек қана акция емес екенін атап өтті. Мұндай шаралар арқылы адамдарға тазалық сақтау мәдениетін сіңіру қажет. Әйтпесе, сенбіліктер тек уақытша әсер береді.

- Облыс орталығының архитектуралық келбетіне де ерекше назар аудару маңызды. Олқы дизайн қала бейнесіне теріс әсер етеді. Сондықтан архитекторларды шақырып, біркелкі дизайн концепциясын жасауға тапсырма беремін. Бұл концепцияны болашақта кәсіпкерлерге бизнес-объектілерін жөндеу мен безендіруге бағыт ретінде ұсыну қажет болады, - деді аймақ басшысы.

Энергетика және тұрғын үй-шаруашылық басқармасының басшысы Рамазанов Нұрлан Сағибекұлы атап өткендей, 2024 жылы басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыста «Таза бейсенбі», «Таза Аймақ» және «TazaLike» іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл бойы тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылды. Өткен жылы аталған бағдарламаға өңір бойынша 542 мың адам қатысып, 7 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
 
Сонымен қатар, 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш, 859 әлеуметтік нысан тазартылып, 7,1 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 шақырым арық қалпына келтірілді. Елді мекендердің 83 мың аулалық аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды, ал 110,5 мың көшет отырғызылды.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу