KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Экологиялық мәдениет пен қоғамдық сананы жетілдіру – аудандар үшін де басым мүдде

14.11.2024, 13:55 128 Гульжан Мусина

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында экологиялық ахуалды жақсартуға ерекше назар аударған болатын. Осыған байланысты Шығыста ірі қалалардан бастап аудан-ауылдарға дейін экология және тазалық мәселелері басты назарда, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерде күл-қоқыс шығарылып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында биыл 235,7 млн теңгеге Жамбыл көшесінің аллеясын абаттандыру жұмыстары басталған. ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан басшылығына қараусыз қалған құрылыс нысандарын бұзып, аумақты абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Тарбағатай ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылыр жатқан жұмыс қыруар. Өзекті мәселелерді шешу үшін жоспарлы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындары үшін сапалы ауыз су мен интернет байланысының қолжетімділігін арттыру, экологиялық тазалықты сақтау – маңызды міндеттердің бірі.

Төлеуғазы Жансая

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу