KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері ғасыр жасаған ардагерге құрмет көрсетті

Кеше, 14:00 65 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында «Жеңіске дейінгі 100 күн» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Светочева Анастасия Павловнаны құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті.

Ардагерді ұлықтау рәсіміне 3477 әскери бөлімінің 50-ге жуық әскери қызметкері, сондай-ақ «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

3477 әскери бөлімінің командирі, полковник Руслан Есенғалиев ардагерге Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі мен соғыс жылдарындағы еңбегі үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Анастасия Павловна ғасырдан асқан жасына қарамастан, өзін сергек ұстайды. Ол әскери ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс айтты.

– Біз ата-бабаларымыздың ерлікке толы өткенін әрқашан есте сақтауға міндеттіміз. Мұндай кездесулер жас ұрпаққа бейбітшілік пен тәуелсіздіктің қадірін түсінуге көмектеседі, аға буынға құрмет көрсетуге үйретеді,- дейді 3477 әскери бөлімінің командирі. 

Іс-шара 5518 әскери бөлім оркестрінің соғыс жылдарындағы әндерін орындаумен аяқталды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу