KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

Кеден саласындағы мемлекеттік қызметтер «Keden» жүйесіне көшті

istockphoto.com

5.04.2025, 13:00 359 Төлеуғазы Жансая

«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.

2025 жылғы 7 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.
Ағымдағы жылдың 4 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/45032 – уәкілетті экономикалық операторлар үшін. 

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу