KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, ОШ
515.25 535.91 5.18

Жүргізуші куәлігін алған кезде көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіру

Кеше, 17:00 107 Гульжан Мусина

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. 

2024 жылғы 15 наурызда Департаментке қала тұрғынының жүргізуші куәлігін ала алмауына байланысты өтініші келіп түсті. Бұл ретте, 2023 жылы аталған азаматша Сот шешімімен алты айға жүргізуші куәлігінен айырылып, осы мерзім өткеннен кейін куәлігін қайтарып алған.

Алайда, Өскемен қаласының Арнайы ХҚКО-на жүгінген кезде проблемаға тап болған.

2024 жылғы 19 наурызда, қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ол жаңа жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген кезде, оған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету процесіне жауапты ақпараттық жүйеде шектеулердің болуына байланысты берілген.

Осы өтінішті қарау барысында Департамент «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту ақпараттық жүйенің техникалық кемшіліктерінен туындағанын, атап айтқанда, көрсетілетін қызметті берушінің және «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйелерінің интеграциясының дұрыс болмауынан орын алғаны анықтады.

Департамент аталған ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен және мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп,  көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді. Қорытындысы бойынша, 2024 жылғы 3 сәуірде азаматшаға жүргізуші куәлігі берілді.

Бұл жағдай Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелердің тиімді жұмысының және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын  көрсетеді.

Егер Сіз Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз, Департаментке мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 4, немесе 8-7232-76-50-88 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ, «Е-Өтініш» платформасы немесе Telegram мобильді қосымшасында «Egovkzbot2.0» арқылы жүгіну мүмкіндігі бар.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

ШҚО бойынша Департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Е.М. Айкымбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу