«Таза Қазақстан»: Риддерде сенбіліктер екі ай бойы өткізіледі
Бүгін Риддер қаласының Республика алаңында 5000-нан астам адамды біріктірген ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, спортшылар және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Акция бірлік пен туған өлкеге деген қамқорлық атмосферасында өтті. Қатысушылар аумақтарды тазалауға, аулалар мен саябақтарды абаттандыруға белсенді қатысты. 30-дан астам арнайы техника қаланы тазарту бойынша тиімді және үйлесімді жұмысты қамтамасыз етті.
Қала әкімдігінің бастамасымен «Үздік аула» байқауына баса назар аударылды. Байқаудың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды, ол балалар мен спорт алаңдарын салуға, жеңімпаздардың аумақтарын көгалдандыруға және абаттандыруға бағытталатын болады.
Қала жастарынан да алғыс сөздер мен белсенді азаматтық ұстанымдары айтылды.
Ержан Әбіш
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВнокласснРСвЂВВВВРєРСвЂВВВВ
- Telegram
- Viber