KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
515.03 584.82 6.24

ШҚО-да 150-ден астам шөп өртену оқиғаcы тіркелді

14.04.2025, 11:00 157 Әбішев Ержан

00:00
00:00
 

Шығыс Қазақстан облысында шөптің жану жағдайлары көбейіп отыр. Тек өткен демалыс күндері ғана ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 150-ге жуық өрт оқиғасын жойған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің басым бөлігі ашық далада және саяжай алаптарының маңында тіркелуде. Бұл жағдайлардың негізгі себебі – отты абайсыз пайдалану. Азаматтардың немқұрайлылығы, темекі тұқылын сөндірмей тастау, құрғақ шөпті немесе қоқысты өртеу осындай оқиғаларға себеп болып отыр.

Рұқсат етілмеген от жағу әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; ҚР ӘҚБтК 410-бабы бойынша – ескерту немесе 5 АЕК айыппұл; Егер от жағу әрекеті ауыр зардаптарға әкелсе – ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес – екі мың АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Өрт қаупі жоғары кезеңде тұрғын үйлердің, кәсіпорындардың, саяжайлардың айналасын қоқыстан, жанғыш заттардан, құрғақ шөптен тазарту қажет. Табиғат аясында демалғанда қауіпсіздікке ерекше назар аударыңыз. Өйткені мұндай өрттердің 90%-ы адам факторынан болады.
Егер өртті байқасаңыз, бастапқы сатысында оны өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз. егер бұл мүмкін болмаса – 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырыңыз,- делінген ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу