Мектепке алғашқы қадам: 119 мың бала құжат тапсырды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2025 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны басталды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан мектептеріне 119 039 бала қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Білім беру мекемелеріне тіркелген оқушылардың 70 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Құжат қабылдау үрдісі электронды форматта да жүргізілуде, бұл ата-аналар үшін қолайлы әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Қабылдау науқаны 1 тамызға дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз