KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жүріп жатыр

Фото: depositphotos.com

19.04.2024, 20:11 125 Айжанат Бақытқызы

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, енді лицейлер мен гимназияларға да балалар емтихансыз қабылданады.

 1-сыныпқа:

  1. Дайындық деңгейіне қарамастан, тестілеу мен іріктеу өткізбей;
  2. 6 жастан бастап, сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 6 жасқа толатын 5 жастағы бала;
  3. Білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады.

 Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив