KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
507.05 594.82 6.51

ШҚО: Өнер мұражайы ғимараты тарихи келбетін қайта таппақ

3.05.2025, 15:00 493 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер мұражайының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу жалғасуда. Бұл өңір мәдениеті үшін маңызды оқиға екені сөзсіз. Тарих және мәдениет ескерткіші болып саналатын бұл нысанның қайта жаңғыруы — рухани мұрамызды сақтау жолындағы іргелі қадам.

Ғимараттың тарихи келбетін сақтай отырып, ішкі инфрақұрылымын толықтай жаңғырту көзделіп отыр. Қалпына келтіру жұмыстарын «КОНТИНЕНТ PLAST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Өнер мұражайы — аймақ халқының мәдени талғамын қалыптастырып, ұлт қазынасын насихаттап келе жатқан бірегей мекеме. Сондықтан бұл ғимараттағы жөндеу жұмыстары облыс басшылығының ұдайы бақылауында.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жөндеу жұмыстарының барысын көріп, мердігерге сапа мен мерзім мәселесін басты назарда ұстауды тапсырды.
Жоба толық іске асқанда, мұражай қызметкерлері мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасалып, көрермен мен өнердің арасын жақындастыра түсуге жол ашылады. Ең бастысы — өңірдің мәдени жауһары заманауи талаптарға сай қайта түлеп, келешек ұрпаққа лайықты мұра ретінде сақталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу