Алтайда Аналар құрметіне арналған салтанатты шара өтті
11 мамыр күні «Алтай қаласының №1 бастауыш мектебі» КММ-де Аналар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, отбасы мен қоғам өміріне белсенді араласып жүрген аналарға ерекше құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрайымы Гречушникова Лариса мен білім бөлімінің басшысы Канафина Бақытгүл қатысып, аналарға жылы лебіздерін білдірді. Олар әр отбасының тірегі болған аналардың балаларына деген жанашырлығы мен шексіз мейірімін атап өтіп, тәрбиедегі еңбектеріне алғыс айтты.
Ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан аналар – Ушакова Т.А, Савоськина Г.А, Андронова Я.В, Даулетова А.Т, Грислит Т.А, Пителина А.Н, Абдрахманова А.В, Самойлова Л.А, Апсалыкова М.Т, Касанова А.Т – Алғыс хаттармен марапатталды.
Шара барысында мектеп оқушылары аналарға арнап жүрекжарды өлеңдер оқып, ән шырқап, әсерлі билер мен қызықты ойындар ұсынды. Концерттік бағдарлама көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кеш жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Іс-шара соңында қатысушылар бірлесіп естелік суретке түсіп, қуанышты сәтті есте қалдырды.






