KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

ШҚО, Үлкен Нарын: Су жүйесін жөндеу кезінде қайғылы жағдай тіркелді

14.05.2025, 23:30 429 Төлеуғазы Жансая

14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданы аумағында су құбырын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар барысында қайғылы жағдай орын алды. «НарынКомхозСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының екі қызметкері қаза тапты. Көз жұмған азаматтардың бірі 1983, екіншісі 1970 жылғы еді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс басшысы оқиға туралы ақпарат түскелі жағдайды тікелей бақылауына алды. Ол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті мекемелерге шұғыл тексеріс жүргізуді тапсырды. Ал жергілікті аудан әкімі оқиға орнына барып, қаза тапқандар отбасыларына қайғыра көңіл айтты. 

Бұл оқиға инженерлік инфрақұрылым саласында еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін тағы бір мәрте айғақтап отыр.

Облыс әкімдігі қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу