KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, ОБ
530.24 543.97 5.16

ШҚО әкімі шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты

Фото: ШҚО әкімдігі

1.09.2024, 11:00 494 Назерке Каримова

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кеше қаза тапқан жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері. Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

- Бұл марқұм кеншілердің отбасы мен жақындары үшін орны толмас қайғы. Шын жүректен қайғыра көңіл айтамын, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. – Қайғылы жағдайды тергеу бойынша жедел штаб құрылды. Алдын ала ақпарат бойынша, кеншілер иіс газымен уланған.


Облыс басшысы оқиға орнында жауапты сала өкілдері жүргендерін, арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті.

- Жағдай менің жеке бақылауымда, - деді облыс әкімі.


Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда шамамен сағат 17.30 Ертіс шахтасында Ертіс шахтасының екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылған болатын. Болжам бойынша олар газбен уланған.

Ал бүгін KAZ Minerals тобы 1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болғанын мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу