KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 3 м/с, СБ
512.44 593.15 6.52

ШҚО-да жол белгілері жаңартылып жатыр

17.05.2025, 15:00 1 561 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол инфрақұрылымының сапасын сақтау мақсатында жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта жол бойындағы қоқыстар тазартылып, жол белгілері мен таңбалары жаңартылуда. Сонымен қатар, жол жиектерін тегістеу, шұңқырларды жамау және су өткізу жүйелерін қалыпқа келтіру шаралары қолға алынған.

Жол күтімі – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды жұмыстардың бірі. Сондықтан мамандар жол бойындағы жұмыстарды күн сайын бақылап, үздіксіз атқарып келеді.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу