KZ
Өскемен
-11°
ясно Штиль
497.26 525.21 4.97

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды

24.05.2019, 08:06 103

Қазақстан жолдарына алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Дереккөздің мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және KAZAUTOZHOL логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды.

 

Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында еуропалық үлгідегі жаңа белгілері қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы мезгілде жол жиегін жарықтандырып, жүргізушілердің жол қозғалысы жағдайына назарын аударып, жыпылықтап тұрады, – дейді компания өкілдері.

 

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар жүргізушінің жол қозғалысы жағдайына жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуға септігін тигізеді. «ҚазАвтоЖол» болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу