KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
507.05 594.82 6.51

Алтай қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай көңілді мереке өтті

1.06.2025, 17:35 304 Кайсанова Инабат

Жарқын эмоциялар, көңілді байқаулар, тәтті тағамдар, сабын көпіршіктері мен субұрқақ – мұның бәрі Алтай қалалық Мәдениет орталығында балалар мен ата-аналарға арналған ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев өз құттықтауында шараны ұйымдастырғаны үшін «Қазцинк» ЖШС басшылығына алғысын білдіріп, балаларға денсаулық, амандық, оқуда табыс және жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектестік білдірді.

Іс-шараның бағдарламасы мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Балалар асыр салып қозғалмалы ойындарға, эстафетаға қатысты. Әсіресе сабын көпіршіктері кішкентайларды ерекше қуантты – оларды бір орында ұстап тұру мүмкін емес еді, бәрі белсенді түрде мерекелік бағдарламаға араласты, – деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігі.

Сондай-ақ «Горняк» мәдениет үйінің саябақ аумағында балаларға арналған мультфильмдер LED-экран арқылы көрсетілді.

Сөзсіз, бұл күні әр бала үйіне көтеріңкі көңіл-күймен оралып, өзімен бірге мейірім мен қамқорлықтың бір бөлшегін ала кетті.

Фото мен видео: Алтай ауданы әкімдігінен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу