KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

ШҚО полицейлері балаларға мереке ұйымдастырды

ШҚО ПД
ШҚО ПД
1.06.2024, 22:00 112 Назерке Каримова

Жаздың бірінші күні тәртіп сақшылары 500-ден астам ұлдар мен қыздарға арналған мереке ұйымдастырды.

Жарық шамдары бар полиция көліктері, арнайы әскери техника, үйретілген қызметтік иттер, арнайы бөлімшелердің көрсетілімдері, аквагримерлер мен көңілді аниматорлар – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің қызметкерлері мерекелік бағдарлама дайындады, әсіресе ЖҚАЖ арнайы бөлімшесінің өнер көрсетуі ешкімді бейжай қалдыра алмады. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін жетік меңгерген жауынгерлер тамаша әскери дайындықтарын көрсетіп, кішкентай қонақтардың көңілін аулады.

Сонымен қатар, кинолог-инспектор төрт аяқты көмекшісінің қалай жұмыс істейтінін: командаларды орындау, заттарды іздеу және қылмыскерлерді залалсыздандыру барысын көрсетті.

Көрсетілімдерден кейін полицейлер балаларға төрт аяқты із кесушілермен суретке түсуге мүмкіндік жасады.

Аниматорлар бағдарламасы, конкурстар, флешмобтар, сабын көпіршіктері шоуы, бет бояуы, интерактивті батлдар, челлендждер - балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да ұнады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив