KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Алтайлықтар Металлургтер күні мен Қала күнін атап өтті

13.07.2023, 11:52 219 Ләззат Қанатқызы

Алтай қаласында Металлургтер күні мен Қала күнін бірге мерекелеу дәстүрге айналған. Себебі Металлургтер күні Алтай қаласындағы әрбір отбасының дерлік мерекесі болып саналады.
Бұл күні қала тұрғындары үшін ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, атап айтқанда, кішкентай тұрғындардың көңілін көтеру үшін түрлі персонаждар, батут пен түрлі ойын-сауық бағдарламалары және би алаңы, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Қаланың орталық алаңында «Казцинк» ЖШС «Алтай» тау-кен байыту кешенінің кәсіпорны мақтан тұтатын өндіріс озаттарының портреттері қойылған.

– Мәдениет сарайының үлкен залында салтанатты бағдарлама өтіп, Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин, «Алтай» тау-кен байыту кәсіпорнының директоры А.Ковешников кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бөлімшенің үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен және металлургиялық кәсіпорынның Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жарқын хореографиялық қойылымдары, вокалдық, аспаптық нөмірлері бар шығармашылық ұжымдар кеншілер алдында өнер көрсетті, – дейді қала әкімі.

Концерттік бағдарламаның соңында Мәдениет сарайының саябақ аймағында қала тұрғындары үшін балаларға арналған ойындар, мерекелік сауда ұйымдастырылды, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мәдениет сарайы алаңында «Pattaya BAND» ВK ковер тобы мен «Iron band» тобының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Соңында қала тұрғындары мерекелік отшашуды тамашалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу