KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Полиция күні қарсаңында өскемендік мергендер анықталды

12.06.2025, 19:00 230 Жанаргүл Көкенайқызы

3477 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті. Бұл сайыста Өскемен қаласының тәртіп сақшылары мергендік пен төзімділік танытып, үздіктер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында өткен жарыста әйелдер арасындағы жеңіс Өскемен қалалық полиция басқармасының конвой қызметкері Самира Солтанғазинаға бұйырды. Ол 9 мм ПМ тапаншасынан ату бойынша жеке есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Ерлер арасында Тимур Хасенов ерекше көзге түсті. Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкері нысанаға дәл тигізіп, нағыз мерген екенін көрсетті.

Командалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1-орын – Өскемен қалалық полиция басқармасы,

2-орын – Глубокое аудандық полиция бөлімі,

3-орын – Үлбі полиция бөлімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу