Катонқарағайдың қонақжай үйлері: демалыс пен жайлылық бір шаңырақта
Катонқарағай ауылына жолыңыз түсіп жатса, жайлы қонақүй іздеп сабылудың қажеті жоқ. Себебі мұнда туристерді төрт мезгіл жылы қабылдайтын тұрғындар бар. Солардың бірі – Лидия Бузенова. Ол өз үйін қонақтарға жалға беріп, келген әр адамға ауылдың кең пейілін, қонақжайлығын сезіндіре біледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Лидия ханымның үйінде тынығу үшін барлық жағдай жасалған: таза, жұмсақ төсек-орын, жылы су, үй тағамы – бәрі де бар. Ең бастысы – қонақтарды шын көңілмен қарсы алады.
Катонқарағайдың тұмса табиғатына келіп, табиғи тыныштықты сезінгісі келетіндер үшін мұндай үйлер – тамаша таңдау. Егер қонақүй бос болмаса немесе табиғатқа жақын жерде демалғыңыз келсе, осындай отбасылық шағын үйлер сізге ұнайтыны анық.
Тыныш ауыл өмірі, самал жел, дәмді үй асы мен ақжарқын адамдар – нағыз демалыстың өзі емес пе?!
Қуаныш Рахметоллаұлы