«Өскемен» аллеясындағы абаттандыру жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталады
Қазіргі кезде «Өскемен» аллеясында кабель желілері жаңартылып, жарықтандыру қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, жөнделіп жатқан аумақтағы кабель желілерінің жалпы ұзындығы – 2 шақырым 55 метр. Сонымен қатар аллеяда 205 шам орналасқан.
Абаттандыру жұмыстары маусым айының соңына дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тұрғындар жиі баратын серуен аймағындағы жарықтандыру, көгалдандыру, қоқыс жәшіктері мен орындықтардың жетіспеушілігі мәселелерін шешуді тапсырған болатын. Сондай-ақ осы аумақта абаттандыруды кешенді түрде жақсарту жоспары әзірленіп, іске асуда.
Елизавета Седых



