Өскемен су электр станциясы жоспарлы тексерістен сәтті өтті
Фото: видеодан скриншот
Өскемен су электр станциясы жыл сайынғы жоспарлы аттестациядан сәтті өтті. Бұл рәсімнің қорытындысы бойынша станция келесі жылы желіге қанша электр қуатын бере алатыны анықталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Станция электр энергиясы нарығының барлық қатысушылары үшін міндетті саналатын жоспарлы қуат аттестациясынан сәтті өтті. Бұл нені білдіреді? Станция электр желісіне қуатты тұрақты, сенімді әрі қажетті сәтте беруге дайын екенін растайды, – деп хабарлады Өскемен ГЭС-інен.
Аттестация барысында мамандар бір тәулік ішінде «KEGOC» АҚ жүйелік операторының командасымен жұмыс істеп тұрған төрт гидроагрегатта жүктемені қосу және түсіру сынақтарын жүргізді, барынша жоғары көрсеткішке дейін тексерілді.
– Таңғы 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін станция толық қуатында жұмыс істеді. Барлық төрт агрегат іске қосылды. Қалған уақытта екі агрегат минималды қуатпен жұмысын жалғастырды. Бұл – жай ғана техникалық тексеріс емес, бүкіл команда үшін емтихан. Әрбір маманның дәлдігі, үйлесімділігі мен дайындық деңгейі – бәрі де жалпы нәтижеге әсер етеді, – деді станция өкілдері. – Біз жаңа жүктемелерге дайынбыз және қалалар мен ауылдарды, кәсіпорындар мен инфрақұрылымды сенімді энергиямен қамтамасыз етуді жалғастырамыз.
Желідегі расталған қуат мөлшері – 331 мегаватт.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз