KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.84 595.75 6.47

Жолдағы қауіпсіздік үшін: елде жүргізушілердің еңбек тәртібі бақыланады

Фото: pexels.com

23.06.2025, 17:30 232 Гульжан Мусина

Қазақстанда 20 маусым мен 20 шілде аралығында автобус пен жүк көліктерін тізгіндеген жүргізушілердің жұмыс уақыты мен демалысын қалай сақтайтыны арнайы бақылауға алынады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Тахограф» деп аталатын бұл республикалық акцияны министрліктің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат – жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін дұрыс сақтауын тексеру. Бұл – жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды шара.

Тексеру барысында тахограф орнатылған көліктерге баса назар аударылады. Оларға:

  • қауіпті жүк таситын көліктер;
  • халықаралық бағытта жолаушы не жүк тасымалдайтын көліктер;
  • қалааралық және облысаралық автобустар;
  • тұрақты емес (тапсырыспен) жүретін жолаушы тасымалдаушылар жатады.

Қолданыстағы талап бойынша жүргізуші бір күнде 9 сағаттан артық көлік жүргізбеуі керек. Сонымен қатар, төрт жарым сағат үздіксіз жүргеннен кейін міндетті түрде кемінде 45 минут демалуға тиіс.

Егер бұл ережелер сақталмаса, айыппұл салынады. Жүргізушіге – 10 АЕК (шамамен 39 мың теңге), ал тасымалдаушы компанияларға 5-тен 50 АЕК-ке дейін (шамамен 19 мыңнан 195 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.

Көлік министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізушілерді жұмыс тәртібін сақтауға шақырып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу