Өскеменнің кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Фото: depositphotos.com
23-29 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында республикалық деңгейдегі велоспорттан жарыс өтеді. Бұл ауқымды спорттық іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылардың басын қосады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Веложарыс автомобиль тасжолы бойымен ұйымдастырылады. Осыған байланысты жарыс өтетін күндері Өскемен қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Атап айтқанда, Сәтпаев, Есенберлин, әл-Фараби даңғылдары мен Өскемен – Самар бағытына апаратын автожолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарынан түсіністік танытып, алдын ала жол жүру бағытын жоспарлауды сұрайды. Сондай-ақ жарыс спортсүйер қауымға керемет әсер сыйлайтынына сенім мол.