Өскеменде пара үстел теннисінен республикалық турнир өтеді
Фото: pexels.com
Маусым айының соңында Өскеменде ерекше спорттық оқиға өтеді – пара үстел теннисінен VII республикалық спартакиада басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылғы 23-29 маусым күндері Өскемен қаласында пара үстел теннисінен VII республикалық спартакиада өтеді. Бұл – ел аумағындағы параспортшыларды біріктіретін ірі жарыстардың бірі.
Жарысқа Қазақстанның барлық 18 өңірінен 195 спортшы қатысады. Олардың ішінде 62 спортшы арбада отырып өнер көрсетеді. Бұл турнир – тек спорттық жарыс емес, ерік-жігер мен рух мықтылығының айғағы.
Жарыс өтетін орын: Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығы. Күн сайынғы жарыс уақыты: 10:00-17:30.
Негізгі іс-шаралар кестесі:
Ашылу салтанаты – 25 маусым, сағат 10:00.
Марапаттау рәсімі – 28 маусым, сағат 16:00.
Жабылу салтанаты – 29 маусым, сағат 10:00.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын чемпиондарға қолдау көрсетуге шақырады. Бұл спорттың бәріне қолжетімді екенін дәлелдейтін, шынайы батырлардың додасы болмақ.