Ауданда мемлекеттік қызметтің сапасы артып келеді – Катонқарағай
pixabay.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әрбір мемлекеттік орган мен әкім халық үшін жұмыс істеуге тиіс" деген сөзі бүгінде барлық деңгейдегі әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы бағытта Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және жетілдіру шаралары жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024 жылы аудан бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 5174-ке жеткен. Оның ішінде 5054 қызмет жеке тұлғаларға, 120 қызмет заңды тұлғаларға ұсынылған.
Ал 2025 жылдың 1 маусымына дейінгі есеп бойынша 1141 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 1089-ы жеке тұлғаларға, 52-сі заңды тұлғаларға тиесілі.
Мемлекеттік қызмет көрсету форматтарына келсек:
435 қызмет немесе 38,1% – электрондық форматта көрсетілген.
Оның ішінде:
- 268 қызмет (23,5%) – «Электрондық үкімет» порталы арқылы;
- 167 қызмет (14,6%) – «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы;
- 156 қызмет (13,7%) – «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы жүзеге асқан.