Бельгиялық велотурист Марқакөлдің сұлулығына таңдай қақты
Жаз басталғалы Шығыс Қазақстандағы көркем Марқакөлге алыс-жақын шетелден туристер келе бастады. Жуырда бұл өңірге Бельгиядан келген велотурист Тоон Ван Дак ат басын бұрды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
58 жастағы саяхатшы Қазақстанға бұған дейін екі рет келген. Бұл жолы ол шығыс өңірдің көркем табиғатына қызығып, арнайы сапарлапты. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен кездесіп, алған әсерлерін бөлісті.
Тоон Ван Дак – кәсіби велосаяхатшы. Ол экологиялық таза көлік түрін таңдап, жыл сайын түрлі елдерді аралайды. Велосипед оған еркіндік пен табиғатты сезіну мүмкіндігін береді.
Айта кетейік, бұған дейін Марқакөлге Нидерландтан келген автосаяхатшы ерлі-зайыптылар да аялдап, көркем көлдің жағасында демалып кеткен болатын. Марқакөл – шетелдік туристер арасында танымалдылығы артып келе жатқан бағыттардың бірі.
Елизавета Седых
Фото: Катонқарағай ұлттық паркі

