Өскеменде жұмыртқа арзандады, көкөніс қымбаттады
Өскеменде биыл бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеген. Ұлттық статистика бюросының 15 шілдедегі мәліметіне сүйенсек, бірінші санатты он дана жұмыртқаның орташа бағасы 438 теңге болған. Бұл – жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға арзан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жұмыртқадан бөлек, ұн, рожки, күріш және қарақұмық сияқты тауарлардың да бағасы сәл де болса түскен.
Дегенмен, кейбір өнімдердің, әсіресе көкөністердің құны біршама өскен. Мәселен, сәбіздің бағасы екі еседен аса қымбаттаған. Пияз да былтырғыға қарағанда айтарлықтай көтерілген. Бұл – маусымдық өзгерістерге байланысты деп түсіндіреді мамандар.
Елизавета Седых