Грузиялық суретші өз туындыларында Өскеменді бейнелеп жүр
Өскемендегі облыстық өнер музейінде грузиялық суретші Кристина Ахалаяның жеке көрмесі өтіп жатыр. Экспозицияға жануарлар әлемі мен қала пейзажына арналған қырықтан астам акварель, майлы бояумен және акрилмен салынған туындылар қойылған. Олардың бір бөлігін салуға Өскемен көшелері шабыт берген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Бір соқпақпен» атты көрме суретшінің әртүрлі техникада жазылған шығармаларын біріктіріп отыр. Музей қызметкерлерінің айтуынша, автордың жұмыстарына нәзік эстетика мен терең философиялық мағына тән. Әсіресе, көрмеге келген жұртты «ескі қаланың» акварельдері ерекше тебірентті – бұл аудан Кристинаның жүрегін өзіндік болмысымен жаулап алған екен.
Қала шабыт берген туындылар қатарында «Бажов көшесіндегі жаз», «45-ші дәріхананың алдында», «Ушанов алаңы» секілді картиналар бар. Бұл еңбектер көрермендерін тауып үлгерген.
Көрменің жануарларға арналған бөлімі, әсіресе, жастардың ерекше қызығушылығын тудырған. Мұнда экзотикалық аңдар, құстар мен жылқылар бейнеленген.
Кристина Ахалая акварельден бастап, майлы бояу техникасына дейін түрлі тәсілде жұмыс істейді. Қазақстанда болған уақыт ішінде ол ұлттық дәстүрмен танысып, күтпеген кеңестер де естіп үлгерген.
Өскемендіктер Кристинаның қала рухын дәл әрі құрметпен жеткізе алғанына ерекше риза. Оның туындыларындағы атмосфера шынайы әрі жарық – көргенде суретші бұл жерде өзі өмір сүргендей әсер қалдырады.
Көрме 3 тамызға дейін жалғасады. Кейін суретші отбасымен бірге Грузияға оралады. Бірақ көктемде жаңа шабытпен қайта келіп, жаңа картиналарын алып келуге уәде берді.
Роксана Глыбова
Фото: Александр Шушеньков













