Қала әкімдігі отандық өнімді қолдайтын дәстүрлі көрме өткізеді
depositphotos.com
Өскемен кәсіпкерлеріне қуанышты жаңалық – 27 тамыз күні қала әкімдігі «Өскемен өнімі» атты жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі көрмесін өткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, өнімдерін көпшілікке таныстыру, жаңа нарықтарға жол ашу және тәжірибе алмасу. Ұйымдастырушылар шағын, орта және микробизнес өкілдерін белсенді қатысуға шақырады.
Көрмеге қатысу үшін мекенжай: Чехов көшесі, 33. Қосымша ақпаратты WhatsApp арқылы 8 707 671 84 94 (Асемгүл Исламбековна) нөмірінен біле аласыз.
Өнімдеріңізді паш етіп, жаңа серіктестер табуға және тұтынушылар қатарын кеңейтуге тамаша мүмкіндік!