KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Өскемендік тауар өндірушілер көрмесі өтеді

instagram/akimatoskemen

12.10.2024, 17:00 127 Назерке Каримова

"Made in Oskemen-2024" өнімдерінің жыл сайынғы көрмесі айдың аяғына жоспарланған.

Ағымдағы жылдың қазан айының 25-26 күндері Өскемен қаласының әкімдігі жергілікті тауар өндірушілердің "Made in Oskemen-2024" өнімдерінің жыл сайынғы көрмесін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

- Көрменің мақсаты - қала кәсіпкерлерін қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттау мен жарнамалауға, басқа кәсіпкерлердің өнімдерімен танысуға және жаңа өткізу нарықтарын іздеуге жәрдемдесу, - деп мәлімдеді қалалық кәсіпкерлік бөлімі. - Көрмеге орта, шағын бизнестің барлық тілек білдіруші субъектілері қатыса алады.


Көрмеге қатысу үшін Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне o.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz, pred-uk@mail.ru электрондық мекенжайға өтінім-сауалнама жолдау қажет. Сондай-ақ 8 (7232) 262284, 87714372797 (Гульнара Каликановна), 87076718494 (Асемгуль Исламбековна) WhatsApp нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу