KZ
Өскемен
-34°
туман жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Келер аптада өскемендік тауар өндірушілер көрмесі өтеді

instagram/akimatoskemen

20.10.2024, 15:00 296 Назерке Каримова

Қазан айының 25-26 күндері Өскемен қаласының әкімдігі жергілікті тауар өндірушілердің "Made in Oskemen-2024" өнімдерінің жыл сайынғы көрмесін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

- Көрменің мақсаты - қала кәсіпкерлерін қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттау мен жарнамалауға, басқа кәсіпкерлердің өнімдерімен танысуға және жаңа өткізу нарықтарын іздеуге жәрдемдесу, - деп мәлімдеді қалалық кәсіпкерлік бөлімі. - Көрмеге орта, шағын бизнестің барлық тілек білдіруші субъектілері қатыса алады.

Көрмеге қатысу үшін Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне o.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz, pred-uk@mail.ru электрондық мекенжайға өтінім-сауалнама жолдау қажет. Сондай-ақ 8 (7232) 262284, 87714372797 (Гульнара Каликановна), 87076718494 (Асемгуль Исламбековна) WhatsApp нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу