KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Серебрянск қаласының тұрғындары қала күнін Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнады

11.08.2025, 14:00 220 Төлеуғазы Жансая

10 тамыз – Серебрянск қаласының туған күні. Биыл қала күні ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлы жазушы мен ақынға арналған көрме Абай шығармашылығының бүкіл жолын қамтыды. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Бұқтырма өңірінің жауынгерлеріне арналған жаңартылған мемориалдық кешеннің салтанатты ашылуы өтті.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев өз сөзінде ұлы ақынның рухани мұрасы – халқымыз үшін баға жетпес қазына екенін атап өтті.

"Абай – халқымыздың мақтанышы, даналығы мен ары, ұлы данышпаны. Оның шығармалары бүгін де өзекті, олар бізді адамгершілікке, достыққа, бірлікке, білімге және жетілуге ұмтылуға үйретеді", – деді аудан әкімі.

Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Галина Яковенко мереке күнінің тұрғындарды жаңа жетістіктерге, рухани құндылықтарды нығайтуға және Абай мұрасын келешек ұрпаққа аманат етуге шабыттандыруын тіледі.

"Бұл – бәрімізді біріктірген тамаша мереке. Біз, аға буын, жас ұрпақты ұлы Абайдың өсиет сөздерімен тәрбиелеуіміз керек. Ескерткішті қайта қалпына келтіргендерге алғыс айтамын", – деді ІІМ ардагері, Астанадағы Жеңіс парадының қатысушысы Юрий Новолоцкий.

Жаңартылған мемориал – Отан үшін жанын қиғандар мен елді қайта тұрғызған майдангерлерге деген алғыс пен мақтаныштың нышаны ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемге бейбітшілік, бірлік, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың құндылығын еске салатын символға айналды.

Қала қонақтары мен жас тұрғындар үшін мазмұнды әрі қызықты балалар бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар дино-квестке қатысып, шынайы динозаврмен кездесті, холли бояуларымен өткен жарқын арт-шоуға қатысты және көбікті би алаңында көңіл көтерді. Балалардың қуанышты күлкісі мен шаттыққа толы сәттері мерекенің басты қорытындысына айналды.

Серебрянск қаласының әкімі Нұргүл Бақынова мерекенің «Казцинк» ЖШС-нің қолдауымен өткенін, компанияның бағдарлама ұйымдастыруға және қалаға мерекелік көңіл күй сыйлауға үлкен үлес қосқанын атап өтті. Қала тұрғындарының мерекелік күні әсем отшашумен аяқталды. Дайындыққа атсалысқан барша жандарға алғыс айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу