KZ
Өскемен
-1°
снег жел 7 м/с, ОБ
512.81 604.19 6.57

ШҚО-да пробация қызметкерлері жазасын өтеп шыққан азаматты жұмысқа орналастыруға көмектесті

Polisia.kz

25.08.2025, 17:30 245 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің мамандары жазасын өтеп шыққан азаматқа жаңа өмір бастауға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық нәтижесінде 38 жастағы ер адам бостандыққа шықты. Марқакөл аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Аяулым Мұратбекқызының айтуынша, олардың міндеті тек бақылау жүргізу емес, сонымен бірге қоғамға бейімдеуге жағдай жасау.

– Азаматтың тұрақты табысы болуы үшін біз оған жергілікті шаруа қожалығына жұмысқа орналасуға көмектестік. Бұл оның қателіктерін қайталамауына ықпал етеді, – деді инспектор.

Сот шешімімен оның өтелмеген бір жыл үш айлық жазасы толық жойылып, сот залында босатылды.

– Пробация қызметкерлеріне алғысым зор. Олар маған сенім беріп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік жасады. Енді тұрақты жұмысым бар, қателіктерге қайта жол бермеймін, – деді рақымшылыққа іліккен азамат.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу