Өскеменде қайтара қылмысқа барғандар қарасы азайды
Өскеменде сотты болып жазасын өтеп жүргендер арасында қайтара қылмысқа барғандар қарасы азайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері өздеріне сотпен белгіленген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылыққа жол беріп, қайталама қылмыс жасағандар саны тоғыз адамды құрады. Осылайша, Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, темір торға тоғытылды.
Қоса кетсек, пробация қызметкерлері осыған дейін сотталғандармен идеологиялық жұмыстар жүргізіп келсе, қазіргі уақытта олардың жұмысы қате жолға түскендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асырылуда.
Өткен жылы алты адам мерзімінен бұрын жазасын өтеп шыққан. Бұл 2021-2022 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің әділет аға лейтенанты Шынар Асқарованың айтуынша, биыл бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына 21 адам ауыстырылды. Өткен жылы мұндай жаза 20 адамға қолданылған екен.
Ажар Мұратқызы