KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

«Алтай Өскемен» жасөспірімдері – Болгариядағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары

26.08.2025, 13:40 247 Төлеуғазы Жансая

Өскемендік жас футболшылар Қазақстан спорты тарихына жаңа жетістік қосты. «Алтай Өскемен» футбол орталығының 2015 жылы туған тәрбиеленушілері Болгарияда өткен халықаралық турнирде бас жүлдені жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл – клуб тарихында алғаш рет жасөспірімдер командасының мұндай ауқымды жарысқа қатысуы және бірден чемпион атануы. Қазақстандық жас ойыншылар Болгарияның «Пирдоп», «Шипка Старс», Молдованың «Кагул» және Польшаның «Бдин» клубтарын айқын басымдықпен ұтып шықты.

Жас футболшылардың Болгарияға жолы Қонаев қаласында өткен республикалық «Футбол теңізі» турниріндегі жеңістен кейін ашылған болатын. Ал халықаралық алаңдағы бұл жетістік олардың шын мәнінде үздік екенін дәлелдеді.

Бапкерлердің қажырлы еңбегі мен ойыншылардың жігерінің арқасында қол жеткізілген бұл жеңіс – тек «Алтай» клубының ғана емес, Өскеменнің, Шығыс Қазақстанның және тұтас елдің ортақ мақтанышы.

Матч нәтижелері:

  • «Алтай Өскемен» – «Пирдоп» (Болгария) 5:0

  • «Алтай Өскемен» – «Кагул» (Молдова) 3:2

  • «Алтай Өскемен» – «Шипка Старс» (Болгария) 5:1

  • «Алтай Өскемен» – «Бдин» (Польша) 3:0

  • «Алтай Өскемен» – «Кагул» (Молдова) 2:1.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу