KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Жасанды интеллект бойынша тегін оқытуға қатысып, 100 мың мұғалім сертификат алды

gov.kz

29.08.2025, 18:30 291 Төлеуғазы Жансая

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған тегін оқыту басталды. Мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқыту барысында педагогтер:

  • жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан қолдануды;

  • промпт жазу әдістерін;

  • сабақ жоспарлау тәсілдерін;

  • тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;

  • иллюстрациялар жасауды;

  • оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.

Бағдарламаның басты мақсаты – жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға үйрету. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

«Өрлеу» орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, жартысына жуығы сертификат алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу