KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Ұлттық ұлан сарбаздарына көшбасшылықты дамытуға арналған оқыту ұйымдастырылды

31.08.2025, 14:30 231 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде алғаш рет үш облыстың әскери қызметшілері қатысқан семинар өтті. Шара АҚШ-тың арнайы мақсаттағы сарбаздары туралы жазылған Кайл Лэмбтің «Көлеңкедегі лидерлік – Арнайы мақсаттағы сарбаз» кітабына арналды.

Бұған дейін офицерлер мен командирлерге еңбекті алдын ала оқып шығу тапсырылған болатын. Семинар барысында олар кітаптың әр тарауын талқылап, өз қызметтік тәжірибелерімен байланыстырды.

Кездесуге С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Ровнякова қатысып, негізгі ойларды талдап берді.
Семинардың модераторы – «Шығыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Арман Сейітов. Ол қатысушылардың пікірлерін тыңдап, көшбасшылық қасиеттерді дамытудағы маңызын атап өтті.
Ал өңірлік қолбасшы, генерал-майор Арман Жұмағалиев офицерлердің тұлғалық дамуы мен көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру – бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының кепілі екенін айтты.

Мұндай семинарлар ұлттық ұландықтардың кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, жеке тұлға ретінде де дамуына ықпал етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу