2-4 қыркүйек аралығында ШҚО-да су деңгейі көтеріледі
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 2-4 қыркүйек аралығында облыстың солтүстігі, батысы және шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын болжануда.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, қатты жауын-шашынның әсерінен сай-салалар мен шағын өзендерде, сондай-ақ ірі өзендердің жоғарғы ағысында су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райына мұқият болып, абай болуға шақырады.
Оқи отырыңыз