KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

Верх-Уба ауылында 2026 жылғы су тасқынына дайындық жүріп жатыр

3.09.2025, 13:30 213 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына қарасты Верх-Уба ауылында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралар 2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңіне арналған инженерлік іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «СтройОбъект» ЖШС мердігер ұйымы Лосиха өзенінің арнасын тазалау және тереңдету жұмыстарын орындады. Бұл шаралар су айдынының өткізу қабілетін арттырып, тасқын кезінде су басу қаупін азайтуға тиіс.

Козлиха өзеніндегі жұмыстарды «KazStroyGrup» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстың шамамен 70 пайызы орындалып, жоба аяқталу сатысына таяған.

Бұл шаралар азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға, сондай-ақ су тасқынына байланысты қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған.

Роксана Глыбова
Фото: Шемонаиха ауданы әкімдігінің видеосынан скриншот

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу