Қысқа және тасқынға дайындық жұмыстары жіті бақылауға алынған – Шемонаиха
Осы жылы Шемонаиха ауданында уақтылы қолға алынған алдын алу шаралары елді мекендерді су басудан сақтап қалды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында 205,4 млн теңгенің жұмысы атқарылды.
Атап айтсақ, су өткізу құбырлары тазаланып, жөнделді, қар шығарылды, Үлбі өзенінде мұз кептелісін болдырмау үшін жарылыс жұмыстарын жүргізілді, Шемонаиха қаласы мен Верх-Уба ауылында жағалаулар нығайтылды, сондай-ақ дамба биіктетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аудан халқымен есептік кездесуінде 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық үшін 140,8 млн теңгенің іс-шаралары жүргізілгенін атап өтті. Сонымен қатар жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударылды. Шемонаиха қаласында сорғы станциясын салу және жылу желілерін жаңарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Шемонаиха ауданының әкіміне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, аудандағы жылыту маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Ержан Әбіш