KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД
30.08.2024, 16:00 91 Назерке Каримова

Облыста алдағы көктемде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ағымдағы жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 шара жоспарланған.

– Облыстық бюджет есебінен 24 іс-шара, аудандық бюджет есебінен 31 іс-шара іске асыру жоспарланған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД. – Бүгінгі таңда жоспарланған шараның төртеуі орындалды.


Мәселен, Зайсан ауданындағы Шалқар ауылында 1200 м қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді.

Ал Катонқарағай ауданындағы Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түбін тереңдете отыра арнасын тазарту жұмыстары аяқталды.

Алтай ауданында ұзындығы 800 метр Соловьев ауылдық округінің Маяк ауылындағы Центральная көшесіндегі су бұрғыш арық тазартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив