KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

«Жұлдызай – 2025»: ШҚО спортшылары Ұлттық инклюзивті ойындардың іріктеу кезеңіне қатысты

9.09.2025, 14:40 277 Әбішев Ержан

«Жұлдызай – 2025» ұлттық инклюзивті ойындарының аймақтық іріктеу кезеңі Шығыс Қазақстан облысында өтті. Оған өңірдің 60 ерекше спортшысы қатысты, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Жарысқа Өскемен, Риддер қалаларынан, Самар, Алтай, Ұлан және Зайсан аудандарынан жас спортшылар қатысты.

– Бұл – «Жұлдызай» ойындарының екінші өткізілуі. Іріктеу кезеңіне 60 спортшы қатысып отыр, – деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт клубы әдіскері Мейірбек Елемесов.

Ұлттық инклюзивті ойындар 9 спорт түрі бойынша өтеді. Алайда шығысқазақстандық спортшылар оның жетеуіне қатысады. Олар – тоғызқұмалақ, асық ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі, футзал, бочча.
Ерекше спортшыларға арналған жарыстың ұйымдастырушылары – ШҚО спорт басқармасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы.

– Біздің балалар мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бүгінгі таңда біз іріктеуге ең мықты спортшыларымызды алып келдік. Жоғары нәтижеге үміт артамыз. Дайындық өте қарқынды болды. Риддерлік балалар бірнеше рет жүлдегер атанып, мектебімізге медаль әкелген, жеңімпаз болған жағдайлар көп, – деді Риддер қаласындағы №7 түзету мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сергей Сулейменов.

Іріктеу нәтижелері ертең белгілі болады.

Дмитрий Чжан
Фото: Александр Шушеньков
Видео: Жалғас Сақадиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу