KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Өскеменде «SportFEST Kazakhstan-2019» ойындары басталды

22.04.2019, 10:11 129

Өскеменде «SportFEST Kazakhstan-2019» жобасының облыстық іріктеу ойындары басталды. Екі күнге созылатын жарысқа облыстың аудан-қалаларынан 2003-2005 жылдары туған 660-қа жуық оқушы қатысып, республикалық жарысқа берілетін жолдамаларды сарапқа салуда.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған ойындарды «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» жеке қоры өткізуде. Аталмыш қордың PR-менеджері Алтынай Аманбаеваның айтуынша, жарыстың ерекшелігі сол, оған тек ешқандай спорттық жетістігі мен разряды жоқ оқушылар ғана қатыса алады екен. Бұл өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, өңірлерде бұқаралық спортпен айналысушылар санын арттыру мақсатында жасалып отырған әрекет, дейді ол.

– Шығыс Қазақстан мұндай жарыс ұйымдастырылған 11-ші облыс атанып отыр. Бұған дейін еліміздің 10 өңірінде дәл осындай іріктеу кезеңдері өткен болатын. Осындай ауқымды спорттық шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту арқылы жастардың бойына отансүйгіштік сезімін ұялату, – дейді маман.

Жоғарыда айтылғандай, іріктеу ойындарына облысымыздың түгелдей дерлік ауданы мен қалаларының оқушылары қатысуда. Жас спортшылар үстел теннисі, футзал, баскетбол, әскери-қолданбалы спорт, шахмат пен тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтамақ. Сайыстар қаладағы бірқатар оқу орнының спорт залдарында өтуде. Ал ойындардың ашылу салтанаты Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде ұйымдастырылды. Бұл шараға облыстық білім, денешынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері, сондай-ақ спорт ардагерлері қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша тұғырға көтерілген командалар мен спортшылар демеушілер атынан бағалы сыйлықтарға, кубоктар мен медальдарға ие болады. Ал жеңімпаздар биылғы жазда Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтетін «SportFEST Kazakhstan-2019» жобасының финалына жолдама алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив