ШҚО инвестиция, жасыл энергетика және инновация орталығына айналмақ
26 қыркүйекте Өскеменде «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Әкімнің айтуынша, аталған форум өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Форумда жасыл энергетика, туризм, инновациялық технологиялар сынды салаларға басымдық берілмек.
«Altai Invest – 2025» тек Шығыс Қазақстан үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болып, еліміздің халықаралық беделін арттыра түспек.