Аудан әкімдерінің сайлауы: Дауыс берген Алтай тұрғыны сыйлық алды
Алтай қаласындағы мектеп-лицей базасында орналасқан №636 сайлау учаскесінде таңнан бері сайлау науқаны қызу жүріп жатыр.
Тіпті, азаматтар өз ауданын басқаратын адамға дауыс беруге бүкіл отбасымен келген.
«Жаңа әкімнің жастарға көбірек көңіл бөлгенін қалаймын. Қаламыз бен облысымызды өркендетсе екен дейміз», – деді жергілікті мектепте екінші жыл ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әнел Сапарғалиева.
Сонымен қатар, №636 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып жергілікті кен байыту зауытының жұмысшылары Ислам Марценюк пен Александр Трошков өз таңдауын жасады. Олар мұндай форматта алғаш рет өткізіліп отырған сайлау үлкен үміт беретініне сенім білдірді.