25 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ертең республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
Синоптиктер 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Республика аумағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ тұман түсіп, жел күшейеді.
Алайда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райы біршама тұрақсыз болады деп болжануда. Бұл аймақтарда қар мен жаңбыр жаууы ықтимал.