KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 62 орынға ие болды

Фото: www.rg-rb.de

5.03.2024, 19:07 147

Қазақстан гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте 146 елдің ішінде 62-орында тұр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы талдамалық есептің тұсаукесерінде айтты.

«Рейтинг төрт бағыт бойынша, соның ішінде мансаптық мүмкіндіктер, білім және денсаулық бойынша өлшенеді. Егер осы төрт индекстің барлығын қарастыратын болсақ, Қазақстан 62 орында. Ал «саяси құқықтар мен мүмкіндіктер» көрсеткіші бойынша біз 100-ші орында тұрмыз»,- деді Евгений Кочетов.

Сондай-ақ, вице-министр қазір Сенаттың қарауындағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң жобасы көтерілген тақырыптың өзектілігін растайтындығын атап өтті.

                                                             Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив