Алаяқтар пошта қызметі атынан да хабарласа бастады
Сурет: pixabay
Алаяқтар жұртты алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты. Олар енді ел азаматтарына Қазақстанның пошта қызметінің атынан фейк СМС-тер жіберетін болған. Мамандар осы сипатта хабарлама алсаңыз, оған сенбеу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Пошта қызметінің «хабарламасында» Сіздің пакетіңіз қоймаға келгені, бірақ мекен-жайы қате көрсетілгені айтылады. Өтінішті растау үшін күмәнді сайттың сілтемесі беріліп, оны Safari браузерінде ашу ұсынылады.
Ал «Қазпошта» АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен ғана жіберетіні, ал ұлттық байланыс операторының ресми сайттары post.kz, kazpost.kz екенін нақтылайды.